ФОТО: Турист мас күйінде 2400 метр биіктіктегі тауды бағындырды
Италиядағы Червиния курортында демалып жүрген 30 жастағы Павел есімді эстониялық турист спирттік ішімдік көп ұрттап қойып, қонақүйіне баратын жолды ұмытып қалған.
16:25 12.04.2018
Ол қонақ үйді іздегенде 2400 метр биіктікке көтеріліп, тауда орналасқан барда түнеген.
La Stampa-ның хабарлауынша, ішімдікке мас болған Павел қай жерден бұрылу керектігін аңғармай Альпі тауына көтеріліп кеткен. Ол екі сағат өткеннен кейін ғана жолды шатастырып алғанын түсінген.
Бірақ қайтып бару үшін тым кеш болды. Адасқан туристтің бақытына орай, жолда теңіз деңгейінен 2400 метр биіктікте орналасқан Igloo бары болған.
Кейін туристі іздеу үшін іздестіру тобы мен бірнеше адамсыз көлік жіберілген. Бірақ таңертең оны жұмысқа келген бар қызметкерлері тауып алған.
Қалай жолын тапқаны белгісіз, бірақ адасқан эстониялық турист жабық тұрған мекемеге кіріп, жылы жерде түнеген. Ол бұдан басқа мастығын басу үшін, түні бойы екі құты су ішіп шыққан.
Бірақ жергілікті полицияның өкілі мас болып, өзгелерді дүрліктіргені үшін Павелге айыппұл салатынын айтты, бірақ оған қосымша айып тағылмайтынын ескертті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!