Жас балуандарымыз Азия кубогында топ жарды
Ташкентте дзюдо күресінен өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия кубогында балуандарымыз топ жарды.
12:55 13.04.2018
Өзбекстанның астанасы Ташкентте жалауын көтерген Азия кубогында жас дзюдошыларымыз сәтті өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді.
Жарыстың алғашқы күнінде белдескен жас балуандарымыз 13 медаль жеңіп алды. Ерлер арасында 55 келіде Шерзод Давлатов алтын алса, 66 келіде Уали Алмас, 50 келіде Нұрдаулет Аманқосов күміс еншіледі.
Ал қола жүлдеге 50 келіде Нұрқанат Серікбаев, 66 келіде Дінмұхамед Шаменов пен Нұрбек Қуанышұлы қол жеткізді. Қыздар арасында Толғанай Абеуова 52 келі салмақта күміс еншілесе, 40 келіде Әсемгүл Балтабай мен Құндыз Жылқыбай қола жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ Сара Құлым мен Айым Жұмағалиева да 44 келіде үздік үштікке кірді. Аяулым Қуанышова (48 келі) мен Анель Мұхан да (52 келі) жарыс жүлдегерлері атанды.
Айта кетейік, Қазақстан жасөспірімдер құрама командасын Ғайнолла Есенғалиев (ұлдар) мен Бақытжан Төребеков (қыздар) жаттықтырады.
Дереккөз: Qsport.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!