{metadescription}
Telegram бұғатталды

Telegram бұғатталды

Мәскеудің Таған соты Ресейде Telegram-ды жабу, бұғаттау туралы шешім шығарды.

Сот отырысы өте жылдам өтті. Айғақтық заттар мен дәлелдемелер жарты сағаттың ішінде таныстырылған. Осыдан кейін сот кеңес бөлмесіне кеткен. 

Telegram мессенджеріндегі диалогтар өзге адамдарға жабық. Сыртқы күш пен билік ондағы диалогты бақылай алмайды.

Бұл Ресей бақылау комитетінің алаңдаушылығын туғызды. Олардың ойынша, террорлық әрекетке баратын топтар өз ізін жасыру үшін осы мессенджерді қолданады. Ал бұл елдің қауіпсіздігіне нұсан келтіреді. 

Алайда, мессенджердің негізін қалаушы Павел Дуров Ресей бақылау комитеті ұсынған талаптарға келіспей отыр. Тіпті, сотқа қайтадан шағым түсірмек. 

Павел Дуровтың ойынша, мессенджердегі диалогтарды бақылауға алу сөз бостандығын шектеп, адамдардың жеке өміріне қол сұғу болып есептеледі. 

Telegram-ның заңгерлері сот отырысына қатыспаған. Заңгерлерге сот отырысына баруға мессенджердің құрушысы Павел Дуров рұқсат етпепті. 

Дереккөз: today.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде