{metadescription}
Видео: Өлген акуланың ішінен 98 баласын аман алып қалды

Видео: Өлген акуланың ішінен 98 баласын аман алып қалды

Балықшы өлген акуланың ішін жарып, оның 98 баласын құтқарып қалды.

Оқиға Автстралия мемлекетінде орын алған.

46 жастағы Мэтью Орлов есімді балықшы ауына акула ілінгенін бірден байқайды. Алайда ол жағаға жеткенше басқа акулалар торға түскен жыртқыш балықты талап өлтіреді. 

Акуланы қайыққа көтерген балықшы, оның қарны қозғалып жатқанын байқайды.

Артынша ол жыртқыштың қарынын жарып жібереді. Осы сәтте акуланың ішінен 98 баласын жарыққа алып шығады. Балықшы оларды дереу теңізге жібереді.

Ал ауланған акуланы ол отбасымен дәмді асқа айналдырған. Себебі етінің бұзылып кеткенін қаламаған екен. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде