{metadescription}
Чемпиондар лигасының жартылай финалының жеребесі тартылды

Чемпиондар лигасының жартылай финалының жеребесі тартылды

Футболдан Еуропаның басты бәсекесі саналатын Чемпиондар лигасының жартылай финалында бір-бірімен кездесетін командалар белгілі болды.

Швейцарияның Ньон қаласында өткен жеребе тастау рәсіміне "Алтын доп" иегері Андрей Шевченко қатысты.

Жеребе нәтижесі бойынша 1/2 финалда "Бавария" (Германия) мен "Реал" (Испания), "Ливерпуль" (Англия) мен "Рома" кездеседі.

Командалар арасындағы алғашқы ойындар 24-25 сәуірде өтсе, қарымта кездесулер 1-2 мамырға жоспарланған. Ал финал 26 мамыр күні Киевтегі "Олимпийский" стадионында өтеді.

Айта кетейік, ширек финалда "Ливерпуль" "Манчестер Ситиді", "Бавария" "Севильяны", "Реал" "Ювентусты", "Рома" "Барселонаны" жарыс жолынан шығарған болатын. 

Дереккөз: vesti.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде