ФОТО: Сауль Альвареске ота жасалды
Мексикалық боксшы Сауль Альварес өзінің туған қаласы Гвадалахарадағы жекеменшік емханада емделіп жатыр.
14:41 14.04.2018
Боксшы өзінің Инстаграм желісіндегі парақшасында фотосын және жасалған отаға түсінік берді. Оның сөзіне қарағанда, шеміршекті қалпына келтіру үшін тізенің артроскопиясы жасалған.
Бұл операцияны жасау кезінде аяқ екі жерін тілініп, сол арқылы кішкентай камера жіберіледі және соның көмегімен дәрігер айтарлықтай аз ғана болған зақымның өзін анықтай алады және емдейді. Бұл процедура тегіршік пен сіңірдің зақымдануы кезінде жасалады.
Келесі аптада Альварестің ісі бойынша тыңдау өтеді. Ол екі рет допинг-тесттен өтпей қалған болатын. Ол тыйым салынған заттардың ет арқылы түскенін айтты. Алайда наурызда Невада штатының атлетикалық комиссиясы (NSAC) оны уақытша шеттетті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!