ВИДЕО: Астана мен Қайраттың футболшылары төбелесіп қалды
Қазақстан премьер-лигасының бесінші турында кездескен «Астана» мен «Қайраттың» футболшылары матч аяқталған соң төбелесіп қалды.
10:36 15.04.2018
Ойыншылар алаңда бір-біріне дауыс көтеріп, сөзге келіп қалады. Бапкерлер мен клуб қызметкерлері оларды тоқтатып үлгерді.
Соңында бас төреші Артем Кучин екі сары қағазды көрсетті. Оны «Қайраттың» қорғаушысы, қосалқы құрамда отырған Нұрәли Әліп пен «Астананың» жартылай қорғаушысы, венгриялық Ласло Кляйнхайслеру алды.
Матч 1:1 есебімен аяқталды. Екі гол да екінші таймда салынды. «Астанадан» Бахтиер Зайнутдинов, ал «Қайраттан» Андрей Аршавин салды.
Кейін Аршавин болған оқиға жайлы айтып берді.
«Кінәні өзіме ала аламын. Арқамнан доп қатты тиді. Мен оны тепкен Ласло Кляйнхайслер шығар деп ойладым. Сосын мен де допты оған қарай бағыттадым, дәл тидім (күледі). Бірақ ол маған ештеңе істеген жоқ, айтпақшы. Ал Томасов менің құлағымнан тартты. Бірден ашуландым. Ол үшін кешірім сұраймын. Осымен бәрі бітті деп ойлаймын. Не дегенмен, мен үшін бұл мәселе жабық», - деді ол.
Дереккөз: baq.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!