Астана арландары Қытай айдаһарларын айқын басымдықпен ұтты
Бүкіл әлемдік бокс сериясының топтық кезеңі барысында жекпе-жек өткізген «Астана арландары» «Қытай айдаһарларын» айқын басымдылықпен ұтты.
13:31 15.04.2018
Тараз қаласында «Астана арландары» мен «Қытай айдаһарлары» қарымта кездесу өткізіп, жекпе-жек «Арландардың» жеңісімен аяқталды.
Бұл дүбірлі додада сынға түскен барлық боксшыларымыз қарсыластарын айқын басымдылықпен ұтып, «Қытай айдаһарларын» екінші мәрте тас талқан етіп жеңді.
52 келі салмақта сынға түскен Сәкен Бибосынов Жанг Гуоны оңай ұтса, 60 келідегі Әлімжан Бескемпір Уи Фенгке еш мүмкіндік бермеді. Ал 69 келіде өнер көрсеткен Асланбек Шымбергенов Хайшаер Тахимаймайтидің мысын оңай басса, 81 келіде сынға түскен Бек Нұрмағанбет қарсыласы Жежарибу Зенгті нокаутқа жіберді. Аса ауыр салмақта жұдырықтасқан Нұрсұлтан Аманжолов та Эвандерс Сербутстан бір бас жоғары екенін көрсетіп, «Арландарға» 5 жеңісті сылайды.
Айта кетейік, «Астана арландары» «Қытай айдаһарларына» қарсы өткізген алғашқы кездесуінде айқын басымдылықпен жеңіске жеткен болатын.
Дереккөз: Qsport.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!