Жапон боксшысы Головкинді жекпе-жекке шақырды
Жапонияның Йокогаме қаласында өткен бокс кешінде итальяндық боксшы Эмануэле Феличе Бландамуруды (27-2, 5 КО) нокаутқа жіберген жапондық Риота Мурат (14-0, 11 КО) өзіне келесі қарсыласын іздеп жатыр.
10:00 16.04.2018
Жекпе-жектен кейін Мурат келесі жолы WBA бойынша супер чемпион қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) шаршы алаңда кездескісі келетіндігін айтты.
Бұдан бұрын Мураттың промоутері Боб Арум Головкинмен жекпе-жекті 2019 жылдың қысында ұйымдастырса жақсы болатындығын айтқан болатын.
Дереккөз: Sports.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!