Жас жігіт 5-ші қабаттан секіріп кетті
Ақмола облысында 20 жастағы жігіт бесінші қабаттан секіріп кетті.
11:00 16.04.2018
Полицейлердің мәліметі бойынша, оқиға бүгін Щучье қаласындағы Боровской көшесі, № 66 үйде болған.
«Сағат 16:15 Бурабай аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне Щучье қаласының тұрғыны телефон шалып, 5-қабаттағы терезеден жігіттің секіріп кеткенін хабарлаған. Оқиға орнына дереу жедел тергеу тобы жетті», - деп түсіндірді ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәр Пинчук.
Ведомстваның дерегі бойынша, жігіт Біржан сал ауданы Үлгі ауылының 20 жастағы тұрғыны осылайша өз өмірімен қоштаспақ болған.
Жігіт түрлі дене жарақтымен Щучьедегі аудандық ауруханаға жатқызылды.
Оның мұндай қадамға неліктен барғаны әзірге белгісіз. Осы оқиға байланысты тексеріс жүргіілі жатыр.
Дерекөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!