Қазақстандық каскадерлар Disney фильміне түседі
Атақты Disney студиясы тағы бір анимациялық туындыны қайта түсіреді.
11:15 16.04.2018
Disney «Күлбике», «Сұлу мен құбыжық» мультфильмдерін шығарғаннан кейін, «Мулан» көркем картинасын ұсынбақшы.
Оған қазақстандық каскадерлар қатысады.
Бұл туралы Жайдарбек Күнғожинов өзінің Фейсбугтегі парақшасында жазды.
Жайдарбек Күнғожинов - Nomad Stunts каскадерлар тобының жетекшісі.
Ол парақшасында hollywoodreporter.com жаңалығымен бөлісе келе, Дисней мультфильмінің киноикемделуі 2018 жылдан 2020 жылға шегерілгенін жеткізді.
«Мулан» (Mulan) - 1998 жылдың 19 маусымында Walt Disney Pictures студиясы жарыққа шығарған толықметражды мультипликациялық фильмі.
Бұл студияның шығарған 36-шы толықметражды мультипликациялық фильмі.
Картинада әскерге қатысқан әйел Хуа Мулань туралы орта ғасырдағы Қытай балладасы көрсетіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!