ФОТО: Сатып алмақ болған үйде бұрынғы қожайынның мумиясы табылды
Италияның солтүстігінде адам шошырлық оқиға болды.
13:10 16.04.2018
Баспана сатып алмақ болып сот органдарының өкілдерімен үйді көруге келген адам сол үйден бұрынғы қожайынның бальзамдалған өлі денесін тауып алды.
Италиялық сот органдары аукционға үй шығарған болатын.
Үйдің қожайыны ипотека несиесін төлеуді тоқтатқаннан кейін үй сатылымға шығарылыпты.
Үйді сатып алғысы келетіндер саны көп болған.
Солардың бірі сот органдары өкілдерімен бірге болашақ баспанасын көруге келген.
Есікті ашып, үйге кірген олар адам шошырлық көрініске тап болды.
Олардың алдында диванда өліп қалған адамның мумиясы отырды.
Алдын ала болжам бойынша, 42 жастағы Вальтер Даль-Дзоттоның мүрдесі 2017 жылдың жазынан бастап сақталған.
Оның таныстарының айтуынша, Вальтердің мінезі нашар болған және адамдармен араласпаған.
Ал көрші қалада оның әкесі мен ағасы тұрады.
Қайтыс болған Вальтер туған-туыстарымен мүлдем қатынаспаған, - деп хабарлайды Corriere della sera.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!