{metadescription}
Канелоның допинг үшін қанша уақытқа шеттетілетіні белгілі болды

Канелоның допинг үшін қанша уақытқа шеттетілетіні белгілі болды

Допинг дауынан кейін мексикалық Сауль "Канело" Альварес рингке тек тамызда ғана шыға алады.

Оқиғаға айналасында жүрген мәлімет көзі Невада штатының спорт комиссиясы боксшыны бір жылға шеттеді, бірақ мерзім алты айға дейін қысқартылатынын айтқан. Осы уақыт аралығында айыппұл төлену керек болады.

Осылайша, ақпанда санкцияға ілінген "Канело" тамызда рингке оралып, қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға дайындала алады.

Альварестің допинг ісі Астана уақыты бойынша, 19 сәуірде қаралады. Кленбутерол тамаққа пайдаланған заралы ет арқылы ағзасына түскенін мәлімдеген боксшы, бұл мәселенің Мексиканың денсаулық сақтау министрлігі ет өндірудегі мұндай жағдайлармен күресіп отырғанын және елде бұл мәселе ушығып тұрғанын дәлелдеді.

Сонымен қатар, Альварес комиссияға өзінің допинг тестілері бойынша статистикалық мәліметтерін жолдады. Онда боксшының бұрын-соңды допинг қолданылмағаны көрсетілген. Дегенмен комиссия допинг қасқана қолданылмаған болса да, боксшыны жазалауды ұйғарды.

Дереккөз: vesti.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде