ВИДЕО: Жирафтың мойыны ағаш бұтағына қысылып қалып, мерт болды
Қытайдың Куньмин қаласындағы хайуанаттар бағында жираф тұншығып өлді.
17:20 18.04.2018
Жирафтың есімі Хайронг. Ол 10 жаста болыпты.
Куәгерлердің айтуынша жираф ағаш бұтағына мойынын қасымақ болған, бірақ екі бұтақтың арасынан басын шығара алмай қалған.
Зообақ қызметкерлері жануардың басын шығарып алуға қанша тырысқанымен, нәтиже болмаған.
Осылайша ағаштың бір бұтағын кесуге тура келген. Бұтақ кесілгеннен кейін жираф жерге құлаған.
Ветеринарлар жануардың жүрегіне массаж жасағанымен пайдасы болмаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!