{metadescription}
Қазақстандық азамат Сахара шөлінде марафонға қатысты

Қазақстандық азамат Сахара шөлінде марафонға қатысты

33-ші “Құм марафоны” Мароккода алты күнге созылған.

Заурбек Аяған Көкшетаулық әуесқой жүгіруші.  Ол жарысқа қатысып 250 км жүгіріп өтті.

Оған 49 елден 1 100 адам қатысқан. Қатысушылар шөлде қажет болатын заттарының барлығын рюкзактарымен алып жүрген.

Сахарада ауа температура күндіз 50 градусқа дейін көтеріледі. Одан бөлек улы шаяндар мекен етеді екен.

Мәреге бірінші болып марокколық Рашид эль-Морабити жеткен. Ол қашықтықты 19 сағат 33 минутта жүгіріп өткен.

40 жастағы Заурбек Аяған бұл қашықтықты 24 сағат 24 минутта еңсеріп, 774-ші орынға тұрақтаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

28 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде