{metadescription}
ФОТО: Еркебұлан Сейдахмет үшін алаңда маусым аяқталды ма?

ФОТО: Еркебұлан Сейдахмет үшін алаңда маусым аяқталды ма?

Қазақтың «Мессиі» атанып кеткен жас футболшымыз Еркебұлан Сейдахмет инстаграм парақшасындағы жазбасына байланысты мән-жайды айтып берді.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Еркебұлан өзінің инстаграм парақшасында осы маусыммен қош айтысқанын жариялаған болатын. 

Ал кейін Қазақстан құрамасының ең жас ойыншысы бұл жазбаға қатысты өз ойын білдірді.

- Инстаграм желісіндегі жазба мен үшін маусым аяқтағалғанын білдірмейді. Кейбір БАҚ өкілдері оны дұрыс түсінбеген болар. Бүгін аяғым жазылып, жаттығу жасадым. Алайда, жаттығу барысында сол жарақатымды қайта ушықтырып алдым. Дәрігерлер магниттік-резонансты бейнелеу жасады да тағы екі апта емделу керек деді. Бұйыртса, маусымның соңғы ойындарында алаңға шығып қаламын, - деді тараздық футболшы.

Айта кетейік, Еркебұлан Сейдахмет осы жылдың басында ресейлік «Уфа» клубына ауысқан болатын. Сонымен қатар, Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алып, Венгрия қақпасына гол соқты.

Дереккөз: prosports.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.