{metadescription}
ФОТО: Зообақтағы кенгуруді келушілер таспен ұрып өлтірген

ФОТО: Зообақтағы кенгуруді келушілер таспен ұрып өлтірген

Қытайдағы Фучжоу зообағына келушілер 12 жастағы кенгуруды таспен ұрып өлтірген.

Ішкі ағзаларына қан кетуі салдарынан кенгуру қаза тапты. Бұдан өзге тағы бір кенгуру дәл осындай соққыдан зардап шеккен.

Келушілердің бұл әрекеттеріне ескерту жасағанымен нәтижесіз болған.

Келесі күні зообақ қызметкерлері кенгурулар тұратын жерді тастардан тазартып тастағанымен, туристер басқа жерлердегі тастарды кенгуруларға лақтыра бастаған. Бұл әрекеттерін кенгуруларды секірту үшін жасадық деп ақталды.

Енді зоббақ әкімшілігі ерсі қылық көрсеткен туристерді жазаға тартпақ. Бейне бақылау камерасына туристердің қылығы түсіп қалған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде