{metadescription}
Бала зорлағандарға өлім жазасы енгізілді

Бала зорлағандарға өлім жазасы енгізілді

Индия билігі 12 жасқа жетпеген қыздарды зорлаған педофилдерді өлім жазасына кесу туралы жарлық шығарды.

Аталған жарлық елдегі балаларды сексуалды қылмыстан сақтау үшін қабылданды. Жаңа заң бойынша зорлық көрсеткен қылмыскерге  ең азы 20 жыл беріледі. Минималды түрде – өмірінің соңына дейін абақтыға қамалады немесе өлім жазасына кесіледі.

Ал топ болып зорлық көрсетілсе, қылмыс жасаушылар өмір бойына сотталады немесе  өлім жазасы тағайындалады.

Бұдан басқа, 16 жасқа дейінгі қыздарды зорлағандарға жаза күшейтілді - ең төменгі кезең 10 жылдан 20 жылға дейін ұлғайтылды. Әйелді зорлағаны  үшін қылмыскер кем дегенде 10 жылға бас бостандығынан айырылады.

Үндістан телеарналарының хабарлауынша, аталған түзету балаларға қатысты жыныстық сипаттағы бірнеше қылмыс жасалғаннан кейін енгізілді. Қазір  шешім Үндістанның президенті  Раму Ковинге мақұлдау үшін жіберіледі.

Үндістанда қаңтарда 8 жастағы қызды ғибадатхана ішінде бір апта ұстап, зорлаған. Артынша өлтірген. Артынан жергілікті полицияның қылмыскерлердің артын жапқаны анықталған. Ал бұл іске қатысы бар 8 адам тұтқындалған.

Сәуірде елдің Сурат қаласында 9-11 жастағы қыздың денесіне  86 жерінен жарақатталған күйі табылды. Жәбірленушінің жеке басы анықталып, бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілердің айтуынша, қызды өлтірместен бұрын ұрлап, азаптау мен зорлық-зомбылық жасаған.

Дереккөз: «Қамшы»

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде