{metadescription}
Телефонын суға түсіріп алған жасөспірім ажал құшты

Телефонын суға түсіріп алған жасөспірім ажал құшты

Ресейдің Краснояр қаласында телефонын су толтырылған ваннаға түсіріп алған оқушы қыз мерт болды.

13 жастағы қыз жуынатын бөлмеде телефонын тоққа қосып, ұстап отырған. Бастапқы мәлімет бойынша, құрылғыны суға түсіріп алған.

Оқушының анасы қызының даусын естіп, есікті қағады, бірақ жасөспірім жауап бермеген. Туыстары есікті бұзып кіргенде, тоққа түсіп қалған қыздың денесін көреді.

"РФ Краснояр өңірі бойынша тергеу органдары жуынатын бөлмеде 13 жасар қыздың денесі табылуына байланысты қылмыстық іс қозғады", — делінген Тергеу комитетінің хабарламасында.

Оқиғаның мән-жайы әлі де анықталып жатыр.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.