Хоккей: Айсұлу командасы Қазақстан чемпионы атанды
Кеше Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында шайбалы xоккейден қыздар арасында ел чемпионы анықталды.
09:50 25.04.2018
Ақпараттық және спорттық ХАБ таратқан мәліметке сүйенсек, кеше «Томирис» - «Торпедо» және «Айсұлу» - «Горняк» командалары кездесті.
Бірінші жұптан астаналық «Томирис» үздік шығып, күміс жүлдені олжалады. Ал екінші матчта «Айсұлу» қарсыластарын 15:0 есебімен ойсырата ұтып, ел чемпионы атанды.
Айта кетсек, алматылық «Айсұлу» командасының ойыншылары хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының негізін құрайды.
Сондай-ақ, Александр Мальцевтің шәкірттері - Қазақстанның 13 дүркін чемпионы.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!