ФОТО: Екі жастағы бала абайсызда анасын өлтіріп қойды
Екі жастағы баласы 28 жастағы анасы Кирстен Раэйн Пирсонды көлікпен соққан.
13:39 25.04.2018
АҚШ-тың Алабама штатының тұрғыны Кирстен көліктен шығып кеткенде баласы іште қалып қалады. Осы сәтте ол машинаны байқамай жүргізіп жіберіп, көліктің алдында тұрған анасын қаққан.
Кирстен соққы салдарынан қатты кеуде жарақатын алады. Әйел тікұшақпен дереу ауруханаға жеткізілді, бірақ жолда нашарлай бастайды. Ауруханаға келгенде жас ана қаза табады.
Орын алған жағдай абайсызда болған деп танылды. Баланы ата-әжесі қамқорлыққа алған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!