{metadescription}
Қысым салдарынан бойжеткен ер бала кейіпіне енген

Қысым салдарынан бойжеткен ер бала кейіпіне енген

Қыздың отбасы мұндай жағдайға әлеуметтік қысымнан қашып барған.

Ауғанстандық Сатира Вафадар 10 жылдан астам уақыт ата-анасы үшін ер баланың кейпіне енген. 

18 жастағы Сатира Ватафардың өзінен бөлек 3 әпкесі мен 1 сіңлісі бар. Қыздың ата-анасы Сатираны "баша-пошқа" айналдыруға шешім қабылдаған. Бұл дегеніңіз ата-анасы қызына ер адамның киімін кигізеді. 

Қыз 8 жасынан бастап әкесімен бірге аптасына 6 күн кірпіш зауытында жұмыс істеген. 

"Мен тіпті өзімнің қыз екенімді ойламаймын да", – дейді Сатира. 

Қыздың ата-анасы мұндай қадамға ер баласы болмағандықтан, әлеуметтік қысым көрмеу үшін барған. 

Дереккөз: today.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.