11 жасар қазақ қызы джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды
Абу-Дабиде жасөспірімдер арасында джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтіп жатыр.
12:48 26.04.2018
Байрақты бәсекеге қазақ елінен де бір топ спортшы аттанған болатын. Чемпионаттың бірінші күні еліміздің "Qazaqstan Top Team" командасының спортшылары, бапкер Нұрсұлтан Орынбасаровтың шәкірті Жібек Құлымбетова мен Алина Махамбет сайысқа түсті.
32 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Жібек шешуші белдесуде араб спортшысымен шығып, ауырту тәсілін жасау арқылы жеңіске жетті.
Жас спортшы боз кілемге шыққан сәттен бастап-ақ айқын басымдылық танытты. Аталған әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасының қоржынына түскен алғашқы алтын да осы болды.
Ал, Алина Махамбет (36 келі) жартылай финалда БАӘ спортшысымен кездесіп, жүлдеді 3-ші орынға ие болды. Сондай-ақ, 13 жасар Бекзат Жаманбай (45 келі) 23 сәуір күні өткен жарыста жақсы күрес көрсетіп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Дереккөз: massaget
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!