{metadescription}
Промоутер Головкиннің 5 мамырдан кейінгі жоспарымен бөлісті

Промоутер Головкиннің 5 мамырдан кейінгі жоспарымен бөлісті

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) промоутері Том Леффлер 5 мамыр күні америкалық Ванес Мартиросянға (36-3-1, 21 КО) қарсы өткізетін кездесуден кейінгі жоспарларымен бөлісті.

Леффлердің айтуынша, Головкиннің басты мақсаты - орта салмақтағы барлық белбеулерді жинап, қыркүйек айында Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) екінші рет кездесу. 

"Барлығы 5 мамыр күні өтетін кездесудің қалай аяқталатынына байланысты. Мен үнемі болашақты пайымдаймын. Бірақ қазір көп нәрсе анық емес. "Канело" 15 мамырда жұдырықтасуға дайын екенін айтты. Головкиннің қарсыластарының алдында өз міндеттері бар. Сонымен қатар ол барлық белбеуді біріктіргісі келеді. 

"Біз бірнеше рет Билли Джо Сондреспен (WBO белбеуінің иегері) жекпе-жек ұйымдастырмақ болдық. Тіпті Англияда өткізуге дайын екен. Содан соң Юбенкпен келіссөз жүргізіп, Келл Брукпен кездестік. 

Головкин - бірнеше тұжырым бойынша әлем чемпионы. Оның бірнеше міндетті қарсыласы бар. Ол әлем чемпиондары арасындағы белсенді боксшы", - дейді Леффлер. 

Еске салайық, 5 мамырда америкалық боксшы Ванес Мартиросянға (36-3-1, 21 KO) қарсы кездесуде Головкин WBA (Super), IBO және WBC белбеулерін қорғайды. Ал IBF бұл кездесуді мақұлдамағандықтан, қазақстандық боксшы бұл белбеуін қорғамайды. Жекпе-жек 5 мамыр күні Карсон қалашығындағы (Калифорния штаты, АҚШ) StubHub Center спорт кешенінде өтеді. Бұл кездесуде Мартиросян жекпе-жекке екі ай қалғанда допингпен ұсталған Сауль "Канело" Альварестің орнына басады.

Дереккөз: Vesti.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде