Apple Watch сағаты адамды өлімнен құтқарып қалды
Жұмыс кезінде Уилям Монзиделистің ішіне қан кете бастаған. "Apple Watch" сағаты 32 жастағы пайдаланушыға тез арада дәрігерге қаралу керек екенін ескертті.
18:00 06.05.2018
Монзиделисті емханаға жеткізгенге дейін өте көп мөлшерде қан жоғалтқан. Дәрігерлер оның асқазанында жара барлығын анықтағаннан кейін тез арада ота жасап, Монзиделистің өмірін сақтап қала алды.
Дәрігерлердің айтуынша, егер Монзиделис ақылды сағаттан хабарландыру алмағанда көп қан жоғалту салдарынан қайтыс болуы мүмкін екен.
"Apple Watch" сағаты медицинаға арналып шығарылмаған болса да, оның бағдарламасында адам денсаулыңын бақылайтын функциялар бар.
Ең маңызды функциясы – пайдаланушының жүрегіндегі өзгерістерді анықтау бағдарламасы.
Дереккөз: massaget.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!