ВИДЕО: Аягөз маңында жантүршігерлік жол апаты болып, төрт адам қаза тапты
Шығыс Қазақстан облысы Аягөздің маңындағы тас жолда сұмдық жол апаты орын алды.
09:30 12.05.2018
ВАЗ-21 жеңіл автокөлігі фурамен соқтығысқан.
Жол көлік оқиғасы Өскемен-Алматы тас жолында Жарма ауданының аумағында болған.
Алдын ала болжамға сүйенсек, жеңіл автокөлік жүргізушісі көлік тізгінге ие бола алмай, жанынан өтіп бара жатқан жүк көлігіне жоғары жылдамдықта соғылған.
Оқиғаны көзімен көргендердің айтуынша, ВАЗ-21 автокөлігіндегі төрт адам көз жұмды, аман қалған тек үш жасар сәби ғана. Жүк көлігінің жүргізушісі зардап шеккен жоқ. Сәби Аягөз қаласындағы ауруханаға жеткізіліпті.
Қазір оқиға орнында жол полициясының өкілдері мен арнайы техника жұмыс істеуде.
Дереккөз: altaynews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!