ВИДЕО: Сириялық зымыран үйлену тойының шырқын бұзды
Сириялық ракета Израильде үйлену тойына келген қонақтарды шошытып, мерекенiң шырқын бұзған.
15:40 12.05.2018
Бастапқыда сирена естiлiп, одан кейiн аспанда зымыран пайда болған. Қорыққан күйеу жiгiт пен қалыңдық қонақтармен бiрге залдан шығып кеткен.
10 мамыр күнi Израиль Сирияны екi сағат бойы бомбалаған.
Шабуылға F-15 және F-16 деген 28 израильдiк ұшақ жұмылдырылған.
Олар Сирияның түрлi аудандарына 60-қа жуық ракета мен 10-нан астам тактикалық зымыран жiберген. Мәлiметке сай, сириялықтар ракеталардың жартысынан көбiн жойған.
Видео авторы: EX ALDEBARAN313
Дереккөз: Baq.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!