ВИДЕО: Аида Сатыбалдинова алғашқы чемпиондық титулына қол жеткізді
Қазақстандық боксшы қыз Аида Сатыбалдинова жеңіл салмақта Дүниежүзілік бокс федерациясының (WBF) белдігі үшін Мексикада жекпе-жек өткізді.
14:31 12.05.2018
Оның қарсыласы мексикалық 18 жастағы боксшы Аннетт Пабелло болды, онымен Сатыбалдинова кәсіби рингте бұған дейін де жұдырықтасып, ұпай бойынша жеңген.
Бастапқыда қазақстандық боксшы қыз басқа қарсыласпен жұдырықтасуы тиіс болған, алайда ол кездесуден бас тартыпты. Оның орнына Пабелло шықты.
Аннеттке қарсы жекпе-жек сегіз раундқа жалғасты, нәтижесінде төрешілер бір ауыздан жеңісті Сатыбалдиноваға берді.
Дереккөз: vesti.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!