66,4 мың гектар орман өртенді
Ресей өңірлерінде 66,4 мың гектар аумақта орман өртенді.
11:18 13.05.2018
Өршеленген жалын шамамен 70 өрт ошағынан тарады.
Бұл туралы жексенбі күні федеральдық Авиаорманқорғау баспасөз қызметі орман шаруашылығы өңіраралық ақпараттық диспетчерлік қызметіне сілтеме жасап хабарлаған.
"Мәскеу уақытымен 00:00-де Ресей аумағында 66441 гектар жерді шарпыған 73 орман өрті тіркелді. Ал 12 мамырда өрт сөндірушілердің күшімен 12672 гектар жердегі 153 өрт сөндірілді»,- делінген хабарламада.
Аса күшті өрт Амур облысында тіркелген. Сенбі күнгі таңертеңгілік мәліметке қарағанда, жалын 38,5 гектар орманды шарпыған.
Сондай-ақ, Забайкалье, Красноярс және Хабаровск өлкелерінде де тілсіз жаудың бетін қайтару оңайға соқпай отыр. Забайкалье мен Амур облысының территориясында төтенше жағдай енгізілді.
Дерееккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!