ФОТО: Рамазан уақытының өзгеруіне байланысты оразаның жаңа кестесі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан уақытының өзгеруіне байланысты 2018 жылғы Қазақстан елді мекендерінің Рамазан айындағы ораза және намаз кестесінің жаңа нұсқасын бекітті.
13:46 13.05.2018
Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғұламалар кеңесінің шешімімен шариғат ережелерінде айды көріп, Оразан бекіту және отандық астрафизикалық зерттеулер орталығының негіздеріне сүйене отырып, 16 мамыр кешкі алғашқы тарауих намазы оқылады. 17 мамыр рамазан айының бірінші күні болып бекітілді.
Маусымның 10-нан 11-не қараған түн - қасиетті Қадір түні. Ораза айт 15 маусымда, ал Құрбан айт 21 тамызда басталады. ҚМДБ Төралқа Мәжілісі мүшелерінің бірауызды шешімімен биылғы пітір садақа мөлшері 300 теңге болып бекітілді.
Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады. Рамазан айындағы ораза және намаз уақыттарының кестесін ұсынамыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!