{metadescription}
Фургон мен автоцистерна соқтығысып, 14 адам көз жұмды

Фургон мен автоцистерна соқтығысып, 14 адам көз жұмды

Оқиға кеше Үндістандағы Махараштра штатының Мухед қаласы маңында болды.

Ішінде жолаушылары бар фургон жоғары жылдамдықпен келе жатып, автоцистернаға соғылған.

Көлік апаты салдарынан кем дегенде 14 адам қаза тауып, 20 адам жарақат алды.

Басылымның хабарлауынша, фургондағы жолаушылар ауылдардың біріне үйлену тойына бара жатқан. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Жарақат алған кейбір адамдардың жағдайы өте ауыр.

Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Дереккөз:  Baq.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.