ВИДЕО: Ресейлік 80 жастағы кемпір парашютпен секірді
Ресейлік 80 жастағы кейуана тұңғыш рет парашютпен секірді.
11:51 15.05.2018
Зоя Леденева Бобров (Воронеж облысы) ауылында тұрады.
Хохол ауданындағы «Гремячье» әуежайында болған бұл ерекше оқиға Зояның туған күніне және Бобров аудандық газетінің 100 жылдық мерейтойына арналыпты.
Зоя Леденеваның айтуынша, ол мүлдем қорықпаған, керісінше, аспанға самғағанына қуанған.
Жерге қонғаннан кейін ол инструктормен бірге жаңбырдың астында қалыпты.
Құс самғайтын биіктіктен кейуана бүткіл Воронежді, Донды, атом станциясын үстінен көргенін айтады.
Бұл "секіру" әжей үшін де, газет редакциясы үшін де маңызды болды.
Арманы орындалған зейнеткер әр адам өмірінде тым болмаса бір рет осылай парашютпен секіруі қажет екенін айтты.
Зоя әжей салауатты өмір салтын ұстанады және өте белсенді. Ол скандинавиялық жүріспен айналысады және оған арнап клуб ашқан. Сондай-ақ Арктика арқылы ұшып өткен. Дельтапланмен де, парапланмен де ұшады.
Және ресейлік бірқатар ток-шоуларға қатысып, танымал әнші Валерий Меладзенің бейнебаянына түскен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!