{metadescription}
ВИДЕО: 5 жасар қызды пойыздың астынан ілезде суырып алды

ВИДЕО: 5 жасар қызды пойыздың астынан ілезде суырып алды

Ер адам пойыздың астына түскен 5 жасар қызды аман алып шықты.

Үндінің Мумбаи қаласының тұрғыны Сачин Пол қаршадай қызды ажалдан аман алып қалды.

Қыз шешесінің қолынан ұстап пойызға кіріп бара жатқан. Анасы пойызға кіріп үлгерді де, қызды уысынан шығарып алды, яғни қызы қолын босатып алған. Сол кезде пойыз жылжи бастады, деп хабарлайды lenta.ru.

Қолын жіберіп алған балақай платформаның арасына құлаған. 

Мұны байқап қалған әскери формалы ер адам тұра ұмтылып, көзді ашып-жұмғанша қызды суырып алды.

Енді бірер секунд кешіккенде, сәби пойыздың астында жаншылып қалушы еді.

Екеуі де жеңіл жарақат алып, вокзалдағы медициналық кабинетте көмек көрсетілді. 

Қыздың әкесі Мохаммедтің айтуынша, оның әйелі Мумбайға бірінші рет келіп отыр және бұл жерде пойыздардың жылдам жүретінінен бейхабар. 

Әкесі қызының өмірін сақтап қалған "періште" ер адамға мәңгі алғыс айтумен болатынын жеткізді. 

Источник видео: Bharat Satya (YouTube)

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде