Аршавинаның бұрынғы күйеуі балаларының өзінікі екеніне күдікті
Аршавинаның бұрынғы күйеуі ДНҚ-тестін талап етуде.
12:38 15.05.2018
Астаналық «Промстрой групп» компаниясының президенті Алексей Казьмин ажырасып кеткен әйелімен ортақ екі баласының өзінен туғанына күдік білдірді, деп жазады life.ru.
"Қайрат" командасы футболшысының әйелі Алиса Аршавина бұрынғы күйеуінің ДНҚ талап етіп арнайы орталыққа барғанын естіді.
Аршавина, өз кезегінде, бұрынғы күйеуінің бұл әрекеті пайда табуға көзделген деп сезіктенуде. Өйткені ажырасқан кезде Алиса оған ешқандай қаржылық талап қоймаған - не алимент, не мүлік бөлісуді сұрамаған.
«Ол жалған сараптама жасатып, Крестов аралындағы пәтерден шығарып тастуы мүмкін. Ал аталмыш тестілеу қымбат тұрады. Ондай соманы төлеуге дайын. Одан гөрі балаларына сыйлық жасамай ма», - дейді Алиса.
Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылдың 1-қыркүйегінде атақты футболшы бірнеше жыл кездескен Алиса Казьминаға үйленген болатын. Ал 2017 жылдың ақпан айында олардың Есеня есімді ортақ қыздары дүниеге келді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!