{metadescription}
Екі бәліш үшін 23 мың доллар төлеген

Екі бәліш үшін 23 мың доллар төлеген

Қытайлық еркек екі бәліш сатып алу үшін 20 мың доллардан аса ақша төледі.

Чжэнчжоу қаласында (Хэнань орталық провинциясы) ер адам  Alipay элнктрондық төлем жүйесі арқылы буға пісірілген баоцзы-бәлішіне тапсырыс беріпті. 

Ол кілт сөзді енгізгенде қателескен бе, әлде жүйеде қателік кеткен бе, белгісіз. Бірақ небәрі бірнеше юань тұратын бәліш үшін оның кәртішкесінен 147 мың "сыпырылған", бұл шамамен 23 мың доллар.

Аталған соманы бәліш сатушы ай сайын түскен табысын есептеп отырып байқап қалған. Сөйтіп ол сатып алушы бәліш бағасының орнына кәртішкесінің кілт сөзін жазып жіберді деп ұққан.

Нәтижесінде алаңғасар қытайлықты Alipay компаниясының қызметкерлері шақырып, өткен екі баоцзы үшін қанша төлегенін хабарлайды.

Хань есімді сатып алушы бұны қалжыңдап тұр деп қабылдаған. Ақыры өткен аптада жергілікті полицейлік бөлімде оған бүкіл сома қайтарылды.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.