{metadescription}
ВИДЕО: Ханзада Гарридің үйлену тойында ас мәзірі қандай болмақ?

ВИДЕО: Ханзада Гарридің үйлену тойында ас мәзірі қандай болмақ?

Виндзор сарайында қарбалас.

Олар осы аптада қонақ күтуде: ханзада Гарри мен Меган Марклдың үйлену тойы осы сенбіге жоспарланған. 

Неке қию рәсімінен соң жиналғандар ресми қонақ қабылдау құрметіне ие болмақ. Сл себепті сарай аспазшылары дастархан мәзірін дайындауға бар күшін салуда.

  

Корольдік бас аспазшы Марк Флэнэганның қол астында  30 адам қызмет етеді. Оның айтуынша, мұндай маңызды іс-шара тәжірибе жасау үшін емес, сондықтан әр тағам бүге-шігесіне дейін  сақадай-сай дайын тұруы тиіс.

Марк Флэнэган, корольдік бас аспазшы:

- Қандай тағам керектігін нақты білу үшін көптеген тәжірибе жасадық. Бұл, әрине, шыдамдылықты қажет етеді. Сондықтан біз бірнеше топқа бөліндік. Біреуі жеміс тазалап, екіншісі көккөніспен жұмыс жасайды. Сонда той күні ас дайындауға уақыт көп кетірмей, тұсаукесер тағамдарымыз ұсынылады.  

Күйеу бала мен қалыңдық ас мәзіріне жергілікті маусымдық тағамның көбірек болуын қалады. Азық-түліктер король бақшасынан жеткізіледі.

 

Марк Флэнэган, корольдік бас аспазшы:

- Өздері шешім қабылдайды, біз тек ұсыныс жасаймыз. Олар әр тағамға жіті көңіл бөліп, бәрінің дәмін татып көрді.

Толық ас мәзірін құпияда ұстап отыр. Белгілі болғаны, той бәліші лондондық наубайханада әзірленбек. Ол - аю бадам ликері қосылған лимон бисквиті.

Сондай-ақ десертке ликер қосылған шоколад трюфельдер ұсынылады. 

Тойдан кейінгі қабылдауға 600 адам шақырылды. 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде