{metadescription}
ВИДЕО: Мелания Трамптың бүйрегіне ота жасалды

ВИДЕО: Мелания Трамптың бүйрегіне ота жасалды

АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамптың бүйрегіне ота жасалды.

Бұл туралы дүйсенбі күні Америка президенті жұбайының баспасөз қызметі хабарлады.

Қатерсіз ісікті алу отасы Мэриленд штатындағы Уолтер Рид атындағы Ұлттық әскери-медициналық орталығында жасалды. 

Дәрігерлердің айтуынша, ота жасау сәтті өтті. Мелания Трамп өзін жақсы сезінеді және денсаулығы жылдам қалпына келтірілуде. Ауруханада бір аптадай болады. 

Дональд Трамп жұбайына ота жасалған кезде Ақ үйде болды. Жақында ол жұбайының көңілін сұрап баруды жоспарлап отыр.

Мелания соңғы 30 жылда ең күрделі ота жасатқан алғашқы ханым болып отыр. 

1987 жылы Нэнси Рейганға мазэктомия - сүт безін алу отасы жасалған болатын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде