{metadescription}
Мас әкесі туған қызын пышақтап өлтірді

Мас әкесі туған қызын пышақтап өлтірді

Қостанай қаласында өлтірілген 9 сынып оқушысының әкесі сот алдында жауап береді.

Күдікті С. Клепиков 2016 жылы түрмеден уақытынан бұрын босап шығып, кәмелетке толмаған қызымен бірге Қостанай қаласындағы туған әпкесінің үйін паналайды. 

  2018 жылдың наурыз айында С. Клепиков пен қызының арасында жанжал туындаған. Ол қызына тыңдамағаны үшін кеуде тұсынан пышақпен бірнеше соққы жұмсайды. Күдіктінің сол уақытта мас болғаны анықталды. Жәбірленуші дене жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды.

Енді С.Клепиков ҚР ҚК 99-бабы, 2-тармағы бойынша сот алдында жауап береді.

Дереккөз:ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде