ВИДЕО: Нетта Барзилай ресейлік МУЗ-ТВ-дан бас тартып, гей-шеруді таңдады
Евровидение-2018 байқауының жеңімпазы Нетта Барзилай ресейлік МУЗ-ТВ-дан бас тартып, гей-шеруді таңдады.
17:42 15.05.2018
Бірер күн ішінде дүниежүзіне аты шыққан израильдік 25 жастағы әнші Нетта Барзилайды Ресей елі өзінің танымал Муз-ТВ марапатына шақырған болатын.
Бірақ Нетта ресейлік ұсыныстан бас тарттты.
Ол Израильде өтетін гей-шеру маңыздырақ екенін, соған қатысқысы келетінін жасырмады.
Әрине, Неттаның өз таңдауы бар. Қазір оны әр ел өз музыкалдық іс-шараларына жарыса шақырып жатыр.
Биыл "Муз-ТВ" "Трансформация" Неттаны марапатқа шақыру ұсынысын айтқанда, оның меджменті бұл күні оның басқа жоспары барын айтып жауап берді.
"8 маусымда Израильде гей-шеруі өтеді, ол Нетта үшін Ресейге барғаннан маңыздырақ және оны ресейліктердің гейлерге деген қарым-қатынасы шошытады" деп жауап берді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!