{metadescription}
ФОТО: Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогында екінші орын алды

ФОТО: Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогында екінші орын алды

12-13 мамыр күндері Ресейдің Оренбург қаласында дзюдодан ашық Еуропа кубогы өтті.

ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей аталған додаға әлемнің 16 елінен 279 дзюдошы, оның ішінде Қазақстан ұлттық құрама командасынан 27 спортшы қатысты.

Қазақстандық дзюдошылар екі күндік дүбірлі додада 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медальға қол жеткізіп, турнир кестесінде 2 орынға жайғасты.

Жарыстың бірінші күнінде 73 келіге дейінгі салмақта Қазақстан сапынан татамиге шыққан Нұрлан Оразалин қарсылас шақ келтірмей, жарыс жеңімпазы атанды.

Ал дәл осы салмақта Нұрлан Оразалинге жартылай финалда жол берген тағы бір отандасымыз Мадияр Сембаев жарыстың қола жүлдесін қанағат тұтты.

Ал бұрымды балуандардан боз кілемде белдескен Назгүл Маратова 78 келіге дейінгі салмақта күміспен күптелсе, 70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ажар Салықова ел қоржынына екінші қоланы салды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.