ФОТО: WhatsApp-та жаңа өзгерістер
Әлемге танымал мессенджерлердің бірі WhatsApp-та өзгерістер болды.
10:50 16.05.2018
Енді қолданушылар топтарға қосылар кезде ол туралы қысқаша түсініктеме, оның мақсаты мен ережесі және тақырыбы туралы мәлімет ала алады.
Бұл экранның жоғарғы жағында көрініп тұрады. Ал әкімгерлер атауын, фотосын және таныстырылымын өзгерте алатын адамдарды таңдай алады.
Топтан шыққандар оған қайтып қосыла алмайды. Егер қолданушы топтық чатқа көптен бері кірмеген болса, онда оң жақ төменде тұрған @ белгісін басып, хабарламалармен тезірек таныса алады.
WhatsApp ресми блогында жаңа функциялар бүгіннен бастап Android және iPhone қосымшаларында қолжетімді екенін жазды.
Айта кетейік, бүгінде WhatsApp-ты 1,5 миллиард адам пайдаланады.
Дереккөз: Baq.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!