ВИДЕО (18+) : Ұры бойжеткеннің бетіне пышақ қадап кеткен
Оқиға Малайзияның Пенанге қаласында орын алған.
13:45 16.05.2018
19 жастағы бойжеткен дүкендегі жұмысын аяқтап, үйіне қайтып келе жатады.
Қараңғы көшелермен келе жатқанда оған ұры шабуыл жасаған. Ол қыздың қол сөмкесін алып кетпек болған.
Бойжеткен оған қарсылық көрсетеді. Салдарынан ұры пышағын шығарып, қыздың бетіне тығып алады. Артынша қыздың заттарын алып, қашып кетеді.
Видеода көрсетілгендей бойжеткен полиция қызметкерлері мен дәрігерлер келгенге дейін ауыр жағдайда отырады.
Бойжеткеннің оң жақ беті қатты жарақаттанған. Бұдан бөлек, іші мен мойыны да соққы алған.
Қазір полиция қызметкерлері камераларға түсіп қалған жазбаларды тексеріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!