ВИДЕО: Аралдан шыққан құбыжық жұртты шошытты
Сан-антонионың Шығыс Миндоро аумағында түсініксіз құбыжық табылды.
16:43 16.05.2018
Филиппин аралындағы пайда болған құбыжықтан жергілікті халық шошынып отыр.
Оған Глобстер деп есім беріп қойған. Жақын маңдағы елді мекендерден адамдар жағажайға құбыжықпен селфиге түсу үшін арнайы келуде.
“Жер сілкінісі Шығыс Миндоро аумағына жақындап келеді. Құбыжық - бір жаманшылық болатынын білдіреді. Өтінеміз, біз үшін дұға жасаңыздаршы”, - дейді жергілікті тұрғын Тэм Малинг.
Құбыжықтың шын мәнінде не екенін ғалымдар әлі зерттеу үстінде.
Оның алып кит болуы мүмкін деген болжам бар. Бір жыл бұрын осыған ұқсас жаратылыс Динагат аралында табылған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!