ФОТО: Әйел сәбилерін дүниеге әкелу үшін қатерлі ісікті емдетуден бас тартқан
Егіздерді дүниеге аман-сау алып келу үшін қатерлі ісік ауруына ем қабылдаудан бас тартады.
11:21 17.05.2018
32 жастағы АҚШ тұрғыны Даниэль Дик дені сау егіздерді дүниеге алып келген соң көз жұмған.
2011 жылы дәрігерлер Даниеэльдің тері обырын алып, бес жыл бойы мамандар бақылауында болған. 2015 жылы ол тұңғыш сәбиін дүниеге алып келеді.
Әйел екінші рет жүкті болғанда оның бұрынғы дерті қайтадан белгі бере бастайды. Жүктіліктің бесінші айында ол тіпті сөйлеуден қалып, жағдайы күрт нашарлайды.
Емді дереу бастасақ, өмірі бес жылға созылатынын айтады.
Бірақ қайсар ана балаларын дүниеге аман алып келу үшін емделуден бас тартады.
Осылайша, егіздерді босанған соң, бірден емге көшеді. Алайда бұл уақытта аралығында ауруы қатты асқынып кеткен. 10 ай өткеннен кейін келіншек 26 сәуірде қайтыс болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!