Шымкентте 63 жастағы қария әйелін пышақтап өлтірді
Қанды оқиға 11 мамыр күні түнгі уақытта болған.
12:51 17.05.2018
Шымкентте «Күншығыс» шағын ауданындағы №67 көпқабатты үйдің біріндегі пәтерде тұратын отағасы әйелін пышақтап өлтірді. Отбасындағы жанжал қанды оқиғамен аяқталды.
Ерлі — зайыптылар сөзге келісе алмай, отағасы әйелін үшінші қабаттың баспалдағында кеудесінен бірнеше рет ұрып пышақтаған. Бұл іске күдікті деп танылған отағасы бірден қамауға алынды.
Қайрат Ізбасаров, Еңбекші аудандық сотының судьясы: «Күдікті 16.05.1955 жылы туылған азамат қамауға алынды. Ол асхана пышағымен әйелінің кеуде тұсына 4 рет пышақ сұғып, өлтірген.
«Еңбекші аудандық сотының шешімімен әйелін пышақтап өлтірді деген азамат екі айға уақытша қамауға алынды».
Айта кетейік, қылмысқа күдікті деп танылған азаматың үстінен ҚР ҚК -нің 99 бабы 1-бөлігімен іс тіркелген. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Дереккөз: otyrar.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!