Алматыда есі ауысқан еркек оқушы қызға шабуыл жасады
Алматы қаласының көшесінде ер адам жасөспірім қызға тарпа бас салып, мойнынан тістеп алған. Осы мазмұнда ақпарат әлеуметтік желіде тарады.
15:00 22.05.2018
Қазір ол еркек психдиспансерге жатқызылды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді.Ол адам көшеде кетіп бара жатқан қыздың арт жағынан бас салған, бірақ тістеу фактілері болмаған, деді ІІД баспасөз қызметі.
«13 жастағы қызға көшеде шабуыл жасаған 30 жастағы еркек ұсталды. Есі дұрыс емес адам көшедегі адамдарға тиіскен. Оқиға орнына келген дәрігерлер оны психоневрологиялық диспансерге жатқызды. Аталмыш іске қатысты тергеу жұмыстары басталып кетті» - деді Салтанат Әзірбек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!