ВИДЕО: Бір топ еркекті қымбат ұялы телефонға айырбастамақшы болды
Ресейдің Калуга қаласында қытайлық қыз отандастарын құтқару үшін құқыққорғау қызметкерлеріне пара ұсынды.
17:20 22.05.2018
Пара - ақшалай емес, телефон түрінде. 26 жерлесін "сатып алу" үшін ол екі iPhone X телефонын ұсынған.
ФСБ қызметкерлері Калуга облысының даласында заңсыз жұмыс істегені үшін Қытайдың 26 азаматын қамауға алған. ҚХР-да туған 30 жастағы келіншек отандастарын құтқаруға ерекше тәсіл ойлап тапты. Проблеманы шешу үшін қытайлық әйел екі iPhone X сатып алуды ұсынған. Сосын оңайырақ тәсіл тауып, телефон құнын ақшалай бермекші болды.
Пара беру сәтін арнайы қызмет бақылауға алды. Сөйтіп қызметкердің қолына 100 мың рубль ұстатқан кезде қытайлық әйел құрықталды. Енді оны "Пара беру" бабы бойынша қылмыстық іс күтіп тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!