ВИДЕО: Мас студент терезенің ернеуімен жүрмек боп құлап өлді
Ұрттап алған студент достарының алдында мақтанбақ боп терезенің ернеуімен жүрді. Ақыры тайып кетіп, құлап өлді.
18:10 22.05.2018
Ресейдің Самара қаласында студенттер бас қосып, арақ ішіп, кальян тартып отырған.
Ұрттап алған арасындағы біреуі өзін руфер сезініп кетті. Руфер - түрлі ғимараттардың төбесі мен шатырына шығатын қазіргі заманның қалалық мәдениетін айтады. Сөйтіп әлгі руфер терезенің ернеуімен жүре бастады. Бір уақытта аяғы тайып құлап, тіл тартпай кетті.
Ал оның қасындағы танысы досының ессіз әрекетіне тоқтау айтудың орнына... видеоға түсіре бастаған. Нәтижесінде бас қосу қайғымен аяқталды.
Өз басына ажал тілеген жігіттің ата-анасының қайғысын түсінуге болады.
ЕСКЕРТУ! Видеода былапыт сөздер бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!