{metadescription}
ВИДЕО: Полицейлік қызының көзінше анасын сабаған

ВИДЕО: Полицейлік қызының көзінше анасын сабаған

АҚШ полицейі жағалауда әйелді кішкентай қызының көзінше ұрып жіберді.

.Екі америкалық полицейге әкімшілік жаза қолданылды. Оның біреуі Нью-Джерси жағалауында филадельфиялық әйелді ұрып жіберген.  

Бұл туралы ABC News телеарнасы хабарлайды. 

Оқиғаға куә болғандардың түсіріп алған бейнежазбасында офицерлердің біреуі: «Қарсылық көрсетуді доғар!» деп айқайлайды, ал бұл кезде екіншісі ұрып жатыр. Ал әйел оған былай жауап береді: «Мен қарсылық көрсетіп тұрғам жоқ. Жаман ешнәрсе жасағам жоқ. Мені ұруға қақыңыз жоқ».

Эмили өзінің Facebook парақшасында жағалауда отбасымен және жігітімен демалып жатқан бейнеметариалды салған. Оның айтуынша, қасындағы алкогольдік ішімдікті көрген полицейліктер олардың жасын сұраған. Жұп жастарын айтып, алкотестер сынамасына барған. Нәтижесі алкогольдің жоқтығын көрсетсе де, шөлмектің аузы бітеліп жиналса да, офицерлер бақылауды тоқтатпаған. 

"Мен олардан бізден басқа маңызды шаруалары жоқ па деп сұрадым. Дүниеде бұдан басқа да қызық жетіп жатыр. Оған офицер "сені жібере салмақ болғам, енді аты-жөніңді жазып алуға тура келеді" деп жауап берді", – дейді зардап шеккен әйел. 

Эмилидің айтуынша, ол расында да кәмелетке толмаған, бірақ сол күні алкоголь ішкен жоқ. Қазір атышулы видео бойынша тексеру жүргізілуде. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде