{metadescription}
ВИДЕО: Қытайда шарап ішушілер саны артып барады

ВИДЕО: Қытайда шарап ішушілер саны артып барады

Қытайда шарап  тұтынушылар қатары көбейуде .

Бұл күшті алкогольдік сусындарға деген қызығушылығын жоғалтып келе жатқан орта жастағы тұрғындардың таңдауы. 

Гитарада ойнауды үйреніп жүрген 18 жасар студент Сю Люянг та солардың қатарына жаңадан қосылушы. Оның айтуынша достарымен кездесіп сөйлескісі келгенде жақсылап әңгіме-дүкен құру үшін шарапты таңдайды екен. Ал күшті спирттік өнімдер шулы кештерге қолайлы дейді. 

Ван Цзы Вэй - Британияның мамандандырылған Wine & Spirit Education ағарту ұйымымен берілген сомелье дипломының иегері. Оның алғашқы курстары 2016 жылы Гонконгта ашылған. Міндеті - қытайлық тұтынушыларды шарапты дұрыс таңдап ішуге үйрету .

Эллы Чжун Шанхайда әр түрлі букеттерді тануға және бөтелкелерді дұрыс ашуға арнайы оқытады. Айтуынша, оның оқушылары өте көп , әрі олар шараптың қымбат бағасына назар аудармайды.

Қытай алкогольді өндіру мен тұтыну бойынша әлемдік көшбасшы болып қалуда және Үндістанды басып озды. Мұнда бір мезгілде шарап сату ісі де дамып жатыр. Өткен жылы сусынның импорты  16%  пайызға өсіп, шамамен үш миллиард долларды құрады. Осындай қарқынмен 21 жылда  Қытай Бахус сыйын тұтыну көлемі бойынша Ұлыбританияны  және Францияны басып  озып, тек Америка Құрама Штаттарына ғана жол береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде